11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Фаниль Рафиков келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады

Қазақстандық ММА жауынгері, жеңіл салмақта «NAIZA» және «Fight Nights» белбеулерінің иегері Фаниль Рафиков келесі жекпе-жегінің өтетін уақытын хабарлады, деп жазады Sport+.

«Жақында жаңалықтар болады, бірақ айта кетейін, мамырда ораламыз», — деп жазды спортшы әлеуметтік желілерде.

Рафиков соңғы жекпе-жегін Павлодарда өткен «Fight Nights» турнирінде бокс ережесі бойынша өткізіп, ресейлік Ахмед Алиевті төрешілер шешімімен жеңген еді.