Оқу уақыты: 1 мин

Евгений Малкин НХЛ тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде жоғарылады

Евгений Малкин НХЛ тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде жоғарылады

«Quant Hockey» мәліметінше, «Питтсбург» шабуылшысы Евгений Малкин кезекті тарихи межеге жетті. Ол НХЛ тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 31-орынға көтерілді.

Соңғы матчта«Малкин «Вегас» командасымен болған кездесудің овертаймында Эрик Карлссонға нәтижелі пас берді. Бұл ойында «Питтсбург» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

38 жастағы шабуылшы осы маусымда 57 матчта 13 гол соғып, 30 рет нәтижелі пас берген (жалпы 43 ұпай). Ал НХЛ-дегі бүкіл мансабында 1202 ойын өткізіп, 1339 ұпай жинады (511 гол және 827 пас). Осылайша, Малкин Дени Савар (1338) мен Дэйв Андрейчукты (1338) басып озды.

Соңғы ойында Малкин мұзда 20 минуттан астам уақыт өткізіп, қақпаға бір рет шайба бағыттады және буллиттердің жартысын ұтып алды.