Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Лион» тең тарқасты

Айнат Қабидулла
Айнат Қабидулла Тілші
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының бірінші ширек финалдық ойынында «Лионмен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лиондағы кездесу 2:2 есебімен аяқталып, соңында екі гол соғылды. 26-минутта алаң иелері Тиаго Алмаданың голының арқасында алға шыққанымен, үзіліске дейін «Манчестер Юнайтед» Лени Йороның (45+5) арқасында таразы басын теңестірді. 88-минутта Джошуа Зиркзее гол соғып, ағылшындық клубқа жеңіс сыйлағандай болды, бірақ қосымша уақытта Райан Черки (90+5) «Лионды» жеңілістен құтқарып қалды.

Қарымта кездесу сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түні Манчестерде өтеді. «Лион» – «Манчестер Юнайтед» кездесуінің жеңімпазы Еуропа лигасының жартылай финалында «Рейнджерс» — «Атлетик» кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.