19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Этникалық қазақ Ресейге әлем чемпионатында тарихи алтын әкелді

Ресей құрамасын білдіретін этникалық қазақ Салтанат Меденова Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды «Омбы қазақтары» Instagram парақшасы.

81 килограмм салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуде Меденова — Түркия өкілі Бюшра Ишилдармен кездесті. Ресейлік спортшы төрешілердің бөлінген шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Омбы боксының тарихында алғаш рет әйелдер арасында біздің Салтанат тұғырға көтерілді! Біз сенімен мақтанамыз!

Бұл жетістік Омбы облысының әйелдер боксы тарихындағы алғашқы жеңіс болды — спортшы XIV әлемдік біріншілікте чемпиондық атақты жеңіп алды.