19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Этникалық қазақ Меденова әлем чемпионатындағы жеңістен кейінгі жоспарын айтты

Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Ресей құрамасының сапындағы этникалық қазақ Салтанат Меденова жеңімпаз атанды.

Жеңістен кейінгі баспасөз мәслихатында спортшы өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті:

Отбасыма оралып, туыстарыммен әсерлерімді бөліскім келеді. Мен оларды ұзақ уақыт көрген жоқпын және әлем чемпионаты кезінде алаңдамау үшін сөйлеспедім.

Меденова сондай-ақ, өзінің ерекше дайындық тәсілі туралы айтты. Жарыс кезінде ол жақындарымен қарым-қатынасты шектеп, жаттықтырушының келісімімен тек сирек хабарламалар арқылы байланыс жасаған.

Жарыс кезінде бас және жеке жаттықтырушыны тыңдаған дұрыс. Сондықтан үйге оралған бойда менің барлық жекпе-жектерімді көріп, үнемі уайымдап отыратын анам мен әжемді құшақтаймын.