«HLTV.org» мәліметінше, Стокгольмде өткен «Counter-Strike 2» бойынша «ESL Pro League Season 21» турнирінің символдық құрамасы жасақталды.
Үздік бестіктің құрамына «Team Spirit» ойыншысы — энтри-фрагер Данил «donk» Крышковец енді. Ал қалған төрт орынды «Team Vitality» ойыншылары алды:
— капитан — Дан «apEX» Мадесклер,
— люркер — Робин «ropz» Коль,
— тірек ойыншы — Уильям «mezii» Мерриман,
— снайпер және турнирдің ең құнды ойыншысы — Матье «ZywOo» Эрбо.
Турнирдің жүлде қоры 400 мың долларды құрады.