19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Есей Жеңісұлы: Зайнутдинов құрамадан шығып қалуы мүмкін

Белгілі қазақстандық комментатор Есей Жеңісұлы «Alim Live» подкастында «Бешикташ» ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтың жағдайына пікір білдірді.

«Менің ойымша, Зайнутдинов ұлттық құрамадағы орнын жоғалтуы мүмкін. Ол Түркия Суперлигасында клубтың негізгі құрамына кірмей жүр. Оның басты мәселесі — жарақаттың жиі қайталануы. «Бешикташ» басшылығы оның жарақатының қаншалықты күрделі екенін түсінгенін қалайды», — деді комментатор.

Ұлттық құраманың уақытша бас бапкері «Әли Әлиев» те бұл ақпаратты растады. Ол Зайнутдиновтың Уэльске қарсы өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчына қатыса алмайтынын айтты.