Оқу уақыты: 1 мин

Эрлинг Холанд маусымның қалған бөлігін өткізіп алады — тобығынан ауыр жарақат алды

Эрлинг Холанд маусымның қалған бөлігін өткізіп алады — тобығынан ауыр жарақат алды

Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия Кубогының ширек финалында «Борнмутпен» өткен матчта тобығынан ауыр жарақат алды.

Норвегиялық футболшы екінші таймда, «қалалықтар» 2:1 есебімен алда тұрған сәтте жарақатқа байланысты ойыннан шықты. Матчтан кейін Холанд балдақпен және қорғаныс аяқ киімімен стадионнан кетті.

Бастапқы медициналық тексеру нәтижесі бойынша, шабуылшы маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін. Ол тек соңғы ойындарға немесе клубтық әлем чемпионатына дейін қалпына келеді деп болжануда.

Бұл жарақат «Манчестер Сити» үшін маусымның шешуші кезеңінде елеулі соққы болмақ.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!