21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакина Дубай турнирінде жартылай финалда сүрінді

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан беделді теннис турнирінің жартылай финалында әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Мирра Андреевамен (WTA рейтингінде 14-орын) кездесті.

Қызу үш сеттік тартыста қазақстандық теннисші 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңіліс тапты, осылайша жарысты жартылай финалда аяқтады.

Бұл жеңіліске дейін Рыбакина турнирдің бірнеше кезеңін сәтті еңсерген болатын:

  • Моюка Утидзима (62-орын) – 6:3, 6:2
  • Паула Бадоса (10-орын) – 4:6, 7:6, 7:6
  • София Кенин (56-орын) – 6:2, 7:6

Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 3 664 963 долларды құрайды. Жеңімпаз атанған спортшы 597 000 доллар мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.