12.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында словакиялық Ребекка Шрамковамен кездесіп, 7:6 (7:1), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Бұл жеңіс арқылы Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алды. Енді ол Ига Швентек (Польша) пен Линда Носкова (Чехия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина АҚШ өкілі Пейтон Стирнсті 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші кезеңіне өткен болатын.

Елена Рыбакинаның Дохадағы турнирдегі өнері қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Оның алдағы кездесулерде де сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз.