Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Елена Рыбакина Билли Джин Кинг Кубогында Қазақстанға жеңіс сыйлады

Әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өткен Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы ретінде сенімді ойын көрсетті, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Австралияға қарсы алғашқы күні Рыбакина жергілікті теннисші Кимберли Биррелді 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Келесі күні ол Колумбияның өкілі Валентина Медиорреаль Ариасты 6:0, 6:1 нәтижесімен тас-талқан етті.

Австралиямен өткен кездесуден кейін жанкүйерлер Еленаның жағдайына алаңдады — баспасөз мәслихаты кезінде оның бетінде және мойнында қызару мен бөртпе байқалды.

«Бұл — аллергиялық реакция. Мұндай жағдай менде бұған дейін де бірнеше рет болған, әсіресе түрлі елдерде турнирлерге қатысқанда», — деді Рыбакина.

Ол көрсеткен нәтиже Қазақстан құрамасының финалдық кезеңге өту мүмкіндігін арттырды.