10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Елдана Талипова бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Елдана Талипова өзбекстандық Олтина Сотимбоеваны жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

81 килограммнан жоғары салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Талипова төрешілердің бөлінген шешімімен (4:1) қарсыласынан басым түсті.

Бұл жеңіс қазақстандық спортшыға турнир медальдары үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бұған дейін қос спортшы Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының финалында кездескен еді — сол жекпе-жекте де Талипова жеңіске жеткен болатын.