Оқу уақыты: 1 мин

Елдана Тәліпова әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Елдана Тәліпова әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

81 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінің ширек финалында Тәліпова ринг иесі Сара Мильковичпен кездесіп, төрешілердің 5:2 есебімен бөлінген шешімімен жеңіске жетті.

Жекпе-жек оқиғаларға толы болды — бірінші раундта сербиялық спортшы нокдаунға түсті, ал екінші раундта төреші қазақстандық боксшыға ескерту жасады.

Жартылай финалға дейін Елдана Тәліпова Өзбекстандық Олтина Сотимбоевадан 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Спортшының жетістіктері қатарында Астанадағы «Елорда Кубогы» халықаралық турнирінде атақты Ләззат Күнгейбаеваны жеңуі ерекше атап өтуге тұрарлық.