Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Эдди Хау пневмониямен ауруханаға түсті — «Ньюкасл» алдағы матчтарға көмекшілерімен шығады

«Ньюкасл» клубының ресми сайтында хабарланғандай, команданың бас бапкері Эдди Хау пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

47 жастағы маман матчты аурухана палатасынан тамашалады — оның болмауына қарамастан, «қарғалар» «Манчестер Юнайтедті» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

«Ньюкаслмен және футбол қауымдастығымен байланысты барлық адамдарға жіберген хабарламалары мен жылы тілектері үшін үлкен рахмет. Олар мен үшін және отбасым үшін өте маңызды. Сондай-ақ, керемет денсаулық сақтау жүйесі мен аурухана қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді», — деді Хау клуб арқылы.

Алдағы «Кристал Пэлас» және «Астон Виллаға» қарсы матчтарда команданы бапкердің көмекшісі Джейсон Тиндалл мен жаттықтырушы Грэм Джонс басқарады.

Айта кетейік, Хау басшылығымен «Ньюкасл» өткен маусымда 70 жылдағы алғашқы ішкі трофейін жеңіп алып, Лига кубогының финалында «Ливерпульден» басым түсті. Сондай-ақ, команда ұзақ үзілістен кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.