24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Джесси Лингард Уэйн Рунидің кеңесі туралы айтып берді

«Сеул» клубының жартылай қорғаушысы Джесси Лингард «Манчестер Юнайтедтегі» мансабының басында Уэйн Рунидің берген кеңесі жайлы бөлісті, деп хабарлайды Daily Mail.

«Уэйн Руни маған: «50 матч ойнамайынша алғашқы көлігіңді сатып алма» деді. Мен 50 ойын өткізгеннен кейін Range Rover-мен келіп, тұраққа қойдым. Сонда Руни: «Бұл кімнің көлігі? Сен 50 ойын өткіздің бе?» деді»

Лингард сәнді өмір салтын көрсетуге деген көзқарасы туралы да айтты. Оның айтуынша, қымбат заттары болса да, оларды әдейі көрсетпеген. Бірақ папарацци оны көлігінің жанында жиі суретке түсірген.

«Мен ешқашан жарқырауға тырысқан емеспін. Әрине, әдемі заттарың болса, кейде оларды көрсеткің келеді. Бірақ мені көлікпен келген сайын суретке түсіретін. Бірақ мен оны өзім жариялап немесе Daily Mail-ге жібермеймін, солай емес пе?»

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!