09.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Допинг дауына тап болған қазақстандық боксшы Ақтауда жекпе-жек өткізеді

Adal Promotions жеңілмеген қазақстандық боксшы Саматали Төлтаевтың (4-0, 1 КО) келесі жекпе-жегін жариялады.

Жеңіл салмақтағы спортшы 23 ақпанда Ақтауда өтетін кәсіби бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – тайландтық Сахарат Таехирун (9-3, 5 КО). Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Төлтаев соңғы рет желтоқсан айында өзбекстандық боксшы Рахматилложон Шарифовпен (3-3, 1 КО) кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен.

Айта кетерлігі, екі жыл бұрын Төлтаев допинг дауына тап болды. Оның сынамасынан анаболикалық стероид – оралтуринабол анықталған соң, ол ұлттық құрамадан шеттетіліп, 2026 жылдың 31 наурызына дейін дисквалификацияланды.