14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Donk CS2-дегі ойыны туралы пікір білдірді

«Team Spirit» ойыншысы Данил «donk» Крышковец «BLAST»-қа берген сұхбатында «Counter-Strike 2»-дегі қазіргі формасы жайлы айтты.

«Қазіргі нәтижеміз жаман емес. Әрине, одан да жоғары жетістіктерге жете алар едік, бірақ тұрақтылық бар», — деді ол.

Жеке ойыны жайлы ойыншы екіұшты пікір білдірді:

«Иә де, жоқ та. Мен бұдан да жақсы ойнай алатынымды білемін, бұл тек бастамасы. Дегенмен, өз ойынымды жақсы көремін, себебі тұрақтылық бар. Маған тек осы бағытта дамып, одан әрі жақсара беру керек».

Қазір «Team Spirit» 1-16 наурыз аралығында өтіп жатқан «ESL Pro League Season 21» турниріне қатысып жатыр. Бұл жарыстың жүлде қоры 400 мың долларды құрайды.