12.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дохадағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Соболенконың матчын мысық үзді

Championat.com хабарлауынша, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Дохадағы WTA-1000 турнирінде өнер көрсетуін күтпеген жерден аяқтады. Беларусь спортшысы әлемнің 26-шы ракеткасы Екатерина Александроваға жеңілді.

Екінші айналымдағы матч екі сағаттан астам уақытқа созылып ресейлік теннисшінің жеңісімен аяқталды: 3:6, 6:3, 7:6 (7:5). Кездесудің ең қызықты сәті, екінші сетте есеп 2:2 болған кезде кортқа күтпеген қонақ келді. Кордқа мысық жүгіріп шықты (ол бір минуттан аз уақытта өздігінен ойын алаңын тастап кетті).

Жеңілістен кейін Соболенко әлеуметтік желілерде қысқаша хабарлама қалдырды:

Qatar Open-ге рахмет. Мен күштірек болып ораламын.

Екатерина Александрова трофей үшін күресті жалғастырады. Ширек финалда ол Бельгиядан келген әлемнің 32-ші ракеткасы Элисе Мертенспен кездеседі.