Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Доха Әлем кубогы кезеңінде төрт қазақстандық гимнаст финалға шықты

Доха Әлем кубогы кезеңінде төрт қазақстандық гимнаст финалға шықты

Olympic.kz хабарлағандай, Дохада спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі басталды — қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетті.

Еркін жаттығуларда Милад Карими 13,800 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Алтынхан Темірбек 13,466 ұпаймен төртінші орынды иеленді.

Ат жаттығуларында Нариман Құрбанов 14,566 ұпаймен екінші орынға шықса, Зейнолла Ідірісов 14,466 ұпаймен төртінші орынды қанағат тұтты.

Келесі іріктеу күні Милад Карими турникте өнер көрсетсе, Алтынхан Темірбек тіреуіш секіруден бақ сынайды.