Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Дмитрий Стоцкий: «Кержаков — талапшыл әрі болашағы зор бапкер»

«Уфа» футболшысы Дмитрий Стоцкий РБ Спортқа берген сұхбатында белгілі бапкер Александр Кержаковтың кәсіби әлеуетіне қатысты пікір білдірді.

Стоцкий РПЛ-да «Пари НН» клубында Кержаковтың жетекшілігімен ойнаған болатын. Ол кезде команда маусымды 11-орынмен аяқтаған.

«Ол – талапшыл бапкер. Иә, бапкерлік мансабы әзірге қысқа, бірақ ол әлі өседі. Александр үлкен командада еркін жұмыс істей алар еді. Мүмкін, басшылықпен келісе алмай жүрген шығар», — деді Стоцкий.

Айта кетейік, Кержаковтың соңғы жұмыс орны — алматылық «Қайрат» клубы болды. Ол жерден бапкер Қайрат Боранбаевпен болған келіспеушіліктерден кейін кеткен.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!