«Динамо Минск» Гагарин Кубогының плей-офф сериясының бірінші матчында «ЦСКА»-дан басым түсті — кездесу 5:2 есебімен аяқталды.
Дмитрий Квартальновтың шәкірттері мінез танытып, 0:2 есебімен жеңіліп жатқан ойында камбэк жасады.
Жеңімпаздар қатарынан Сергей Кузнецов, Сэм Анас, Егор Бориков және дубль авторы Александр Волков ерекшеленді. «ЦСКА» сапында Дмитрий Саморуков пен Павел Карнаухов шайба соқты.
Осылайша, Минск клубы серияда 1:0 есебімен алға шықты. Қарсыластар арасындағы келесі матч ертең Беларусь астанасында өтеді.