Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Деревянченко 2023 жылдың үздік жекпе-жегінен кейінгі реваншты қабылдамау себебін ашты

Tribuna.com мәліметі бойынша, украиналық боксшы Сергей Деревянченко (15-6, 10 КО) Хайме Мунгиямен (44-2, 35 КО) екінші жекпе-жектің болмай қалғанына өкініш білдірді.

«Әрине, мен реванш өткізгім келді, бірақ оларға бұл қажет болмады. Бұл – бизнес, менімен олар бір-екі миллион таба алса, Сауль Альвареспен он есе көп пайда көреді», – деді Деревянченко.

Бұған дейін олардың алғашқы кездесуі 2023 жылдың үздік жекпе-жегі деп танылған еді, алайда украиналық боксшы төрешілер шешімімен жеңіліп, қайта мүмкіндік ала алмады.

Айта кетейік, 2019 жылы Деревянченко Геннадий Головкинге қарсы да ұпай бойынша жеңілген болатын.