04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Денис Евсеев Франциядағы жұптық турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев пен оның словакиялық серіктесі Лукас Покорны Францияның Тьенвиль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті.

Олар француз теннисшілері Саша Геймар-Вайенбург пен Люка ван Аштыны 6:3, 7:6 есебімен ұтып, матчты 1 сағат 17 минутта аяқтады.

Ерекше жайт, 4 наурыз күні Евсеев (ATP рейтингінде 256-шы орында) Геймар-Вайенбургпен (253-ші орын) жекелей санаттың алғашқы айналымында да кездесетін болады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 91 250 еуроны құрайды. Жеңімпаз 12 980 еуро ақшалай сыйлық пен 75 рейтингтік ұпай алады.