Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Дәулет Төлемісов әлем кубогының жеңімпазы атанды

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында Дәулет Төлемісов алтын медаль жеңіп алды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық Ақмалжон Исроиловпен жұдырықтасып, төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы атынан 51 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Алтынбек финалда өзбек Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі. Ал әйелдер арасында Жазира Өракбаева жекпе-жек өткізбей-ақ алтын медаль иеленді.