27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дастан Сатпаев «Қайрат» тарихындағы ең қымбат трансфер атанды

The Chelsea Chronicle басылымы алматылық клубтың болашақ ойыншысы Дастан Сатпаевтың жаңа жетістіктері туралы жазды.

«Қайрат» шабуылшысы клуб тарихындағы рекордтық трансфер жасады — оның «Челсиге» ауысуы 3 миллион фунт стерлингке бағаланды. Алайда жас талант ағылшын клубына 2026 жылы ғана қосылады.

16 жастағы Сатпаев екі ұлттық рекорд орнатты. Алдымен ол ойынға ауысып кіріп, Қазақстан құрамасының ең жас дебютанты атанды. Кейін Лихтенштейнге қарсы кездесуде алғаш рет бастапқы құрамда ойнап, ұлттық құрама тарихында тағы бір жетістікке қол жеткізді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!