28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Челсидің» рекордтық трансфері «Брайтонмен» матчта дебют жасауға дайын

Chelseafc.com мәліметінше әйелдер футболындағы ең қымбат трансфер — Наоми Гирма осы жексенбіде «Брайтонмен» болатын матчта лондондық клуб үшін дебют жасауға дайын.

24 жастағы америкалық қаңтар айында «Сан-Диего Вейвтен» рекордтық 900 мың фунтқа «Челсиге» ауысты, алайда балтыр бұлшық етінің жарақатына байланысты командаға көмектесе алмады.

Көктердің бас бапкері Соня Бомпастор баспасөз мәслихатында:

«Гирма матчқа қатысатын құрамға кіруі керек» деп мәлімдеді.

Жаттықтырушы сондай-ақ крест тәрізді байламдардың жарақатына байланысты бір жылдан астам уақыт алаңға шыға алмай жүрген Сэм Керрдің қалпына келуі туралы айтты:

  • австралиялықтың прогресі байқалады
  • оралу мерзімі әлі белгісіз
  • соңғы екі апта жақсы динамиканы көрсетеді

Айта кету керек Челси турнир кестесінде 7 ұпай айырмашылықпен көш бастап тұр — ал наурыз айында команданы Лига Кубогының финалы мен Чемпиондар Лигасының ширек финалы күтіп тұр.