21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Челси» Мадуэкенің жарақаты туралы жаман жаңалық алды

BBC Sport хабарлағандай шабуылшы Нони Мадуэке «Брайтонға» қарсы ойында (0:3) алған жарақаты салдарынан бір айға жуық алаңға шыға алмайды.

«Көктердің» бапкері Энцо Марческа жарақат алған ойыншылар туралы жағдайды түсіндірді:

«Нони халықаралық үзіліске дейін ойнай алмайды, үзілістен кейін көптеген ойыншылар қатарға оралады бұл біз үшін үлкен күш болады».

Команданың медициналық бөлімінде мына ойыншылар бар:

  • Николас Джексон
  • Марк Гиу
  • Уэсли Фофана
  • Бенуа Бадьяшиль
  • Ромео Лавия

2024 жылдың қыркүйегінде Англия құрамасында дебют жасаған 22 жастағы Мадуэке жаңа бапкер Томас Тухельдің жетекшілігімен өтетін ұлттық команданың жақын арадағы ойындарын өткізіп алады. АПЛ турнир кестесінде алтыншы орында тұрған (43 ұпай) «Челси» сенбі күні «Астон Виллаға» қарсы ойын өткізеді.