04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Чарльз Баркли чемпион командалардың Ақ үйге бармауын сынға алды

НБА-ның бұрынғы жұлдызы Чарльз Баркли чемпиондық командалардың АҚШ президентімен кездесуден бас тартуын қатаң сынға алды, деп хабарлайды «Steam Room».

Баркли әсіресе Дональд Трамптың президенттік кезінде НБА чемпиондарының Ақ үйге барудан бас тартқанына реніш білдірді.

«Маған президенттің кім екені маңызды емес, ол бәрібір Америка Құрама Штаттарының президенті. Соңғы 10 жылда командалардың «мен бармаймын, себебі президент мына адам» деп шешкені мені қатты ренжітеді. Достым, бұл АҚШ-тың президенті ғой», — деді Баркли.

«Президент Трамппен көп нәрседе келіспесем де, егер онымен кездессем — оған лайық құрмет көрсетемін. Біз көп нәрсеге келіспеуіміз мүмкін, бірақ командалардың Ақ үйге бармауы — бұл ақымақтық», — деп ойын толықтырды.