01.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ceb: «No[o]ne — нағыз гауһар»

Dota 2 аңыздарының бірі, OG командасының экс-ойыншысы Себастьян «Ceb» Дебс жеке эфир барысында PARIVISION сапындағы Владимир «No[o]ne» Миненко туралы жылы пікір білдірді, деп хабарлайды LEGENDWP DOTA 2.

«No[o]ne қазір өз шыңында. Мен оның үлкен жанкүйерімін. Бұл жігіт керемет — қарапайым, еңбекқор және позитивті. Ол нағыз гауһар. Біз бірнеше рет кездесіп, бірге уақыт өткіздік. Шындығын айтсам, оны жете бағаламайды. Ол ойыншы ретінде де, адам ретінде де бірдей керемет», — деді Ceb.

Айта кетейік, PARIVISION командасы жуырда өткен FISSURE Universe: Episode 4 турнирін 7–8-орынмен аяқтады. Миненконың ұжымы ширек финалда Team Spirit командасынан 0:2 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шықты.