Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Букайо Сака жарақаттан кейінгі қайта оралуы туралы айтты

Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Букайо Сака тізе сіңірінен алған жарақатынан кейін алаңға қайта оралуына байланысты әсерімен бөлісті.

«Психологиялық тұрғыдан бұл үзіліс маған шынымен де пайдалы болды. Бастапқыда жарақаттың ауырлығын қабылдау және операция қажет екенін білу қиын болды. Бірақ сәтті өткен отадан кейін тек күштірек болуға көңіл бөлдім», — деді 23 жастағы футболшы.

Сака соңғы екі ойында алаңға шығып үлгерді — «Фулхэмге» қарсы кездесуде гол соқса, «Эвертонмен» матчта екінші таймда алмастыру арқылы қосылды.

«Зеңбіректілердің» бас бапкері Микель Артета Саканың Чемпиондар лигасының ширек финалында мадридтік «Реалға» қарсы ойында жасыл алаңға шығуға дайын екенін растады.

Дегенмен, «Арсенал» маңызды матчқа бірқатар негізгі ойыншыларынан айырылып келіп отыр — Габриэль Магальяес, Риккардо Калафиори мен Кай Хавертц жарақатына байланысты кездесуді өткізіп алады.

Соған қарамастан, Артета өз командасына сенімді:

«Ертең сағат 20:00-де алаңға 60 мың жанкүйердің қолдауымен 11 ойыншы шығады. Мен біздің жеңіске деген дайындығымызға толық сенімдімін», — деді бапкер баспасөз мәслихатында.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!