Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Broadway Joel: Жәнібек пен Адамес жекпе-жегі Доминикан мерекесінде өтуі керек

Америкалық-доминикандық бокс шолушысы Broadway Joel қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді. Сарапшы бұл кездесуді 10 тамызда, Доминикан Республикасының күнін тойлау кезінде өткізуге шақырды.

Joel өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында атаулы жекпе-жекті Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында ұйымдастыруды ұсынды және бұл шараны Top Rank компаниясы өткізуі тиіс деп санайды.

Сонымен қатар, ол турнирдің андеркардына да ұсыныстар жасады. Сарапшының пікірінше, кештің бағдарламасына келесі доминикандық боксшылар қатысуы керек:

  • Ян Сантана
  • Рохан Поланко
  • Элвис Родригес
  • Эури Седеньо

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып табылады және Адамеспен жекпе-жек өткізу арқылы үшінші белбеуді иеленгісі келетінін мәлімдеген.