26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Британдық сарапшы Странджа кубогында қазақстандықтардың қанша медальға ие болатынын болжады

BoxingScene.com мәліметінше, британдық бокс сарапшысы Тейлор О’Хиггинс Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогы» турниріндегі медальдар бөлінісі туралы болжамын ұсынды.

92 келіге дейінгі салмақта (барлығы алты қатысушы) сарапшы бірнеше танымал боксшыларды атап өтті. Олардың қатарында Азия чемпионы, өзбекстандық Турабех Хабибуллаев, Ирландия атынан сынға түсетін олимпиадашы Джек Марли, грекиялық Вагкан Нанитзаниан, ағылшын Айзек Око және қазақстандық Данияр Рахимбердинов бар.

«Мулложонов, Мухидин, Кушиташвили және Сайдрахимов секілді боксшылар турнирге қатыспағанына қарамастан, бұл салмақтағы бәсеке өте қызықты өтеді деп күтемін», – деді О’Хиггинс.

Сарапшының болжамы бойынша медальдар келесідей бөлінеді:
— Алтын– Турабех Хабибуллаев
— Күміс – Данияр Рахимбердинов
— Қола – Вагкан Нанитзаниан, Джек Марли

Айта кетейік, бұл турнирді жиі бокстан шағын әлем чемпионаты деп атайды.