08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бразилия құрамасының бапкері Неймарды шақыруын түсіндірді

Бразилия құрамасының бас бапкері Доривал Жуниор «Сантос» шабуылшысы Неймарды 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Колумбия мен Аргентинаға қарсы матчтарға шақыруының себебін түсіндірді, деп хабарлайды «СЭ».

— Неймар кім екенін айтудың қажеті жоқ. Қазір ол өз формасын қалпына келтіруде, біз мұны түсінеміз. Бірақ оның қабілеті мен шеберлігі алаңдағы кез келген жағдайды еңсеруге мүмкіндік береді деп санаймыз, — деді Жуниор.

Сонымен қатар, бапкер командадағы серіктестері де Неймардың құрама үшін қаншалықты маңызды екенін атап өткенін жеткізді.

— Біз оның оралуын күтеміз. Оның үздік формасына оралуына сенімділік берейік және асыра үміт күтпейік, — деп қосты Жуниор.

33 жастағы шабуылшы 2023 жылдың қазан айынан бері ұлттық құрама сапында өнер көрсетпеген. Неймардың құрама сапындағы көрсеткіші — 128 ойын, 79 гол және 59 нәтижелі пас.