18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Болгария чемпионатында ерекше жағдай болды

«Арда Кырджали» клубы «Левски Софиямен» ойыны алдында ыңғайсыз қателікке жол берді.

Матч басталар алдында командалар бұрынғы ойыншы Петко Ганчевті еске алу үшін алаң ортасына жиналып, бір минут үнсіздік жариялады. Алайда кездесу аяқталмай жатып, футболшының қайтыс болғаны туралы ақпараттың жалған екені белгілі болды.

Клуб бұл жағдайға байланысты Facebook арқылы ресми кешірім сұрады:

«Арда клубының басшылығы бұрынғы ойыншымыз Петко Ганчев пен оның жақындарынан шын жүректен кешірім сұрайды. Біз қате ақпарат алдық. Петко Ганчевке ұзақ ғұмыр тілейміз және ол біздің жетістіктеріміздің куәсі болсын».