01.12.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Бешикташ» бас бапкер Джованни Ван Бронхорстпен қоштасты

Sports.kz сайтының хабарлауынша, “Бешикташ” футбол клубы бас бапкер Джованни ван Бронхорстпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы түрік клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады:

“Біз Джованни ван Бронхорстпен қоштасып отырмыз. Оған және оның командасына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреміз және болашақ мансабында табыс тілейміз.”

Нидерланд маманының жетекшілігімен “Бешикташ” биылғы маусымда 20 матч өткізді. Бұл ойындарда команда 10 рет жеңіске жетіп, 4 тең ойын және 6 жеңіліске ұшырады. Жаттықтырушының қызметінен кетуі кезінде команда Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұрды.

Айта кетерлігі, ван Бронхорст соңғы бір жыл ішінде “Бешикташтың” бас бапкері қызметінен кеткен төртінші маман. Оған дейін клубты Рыза Чалымбай, Сердар Топрактепе және Фернанду Сантос басқарған.

Сондай-ақ, “Бешикташ” құрамында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың бар екенін еске сала кетейік. Алайда, биылғы маусымда қазақстандық футболшы тек екі матчқа қатысып, алаңда бірнеше минут қана өткізген.