16.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бес қазақстандық боксшы әйел Сербиядағы әлем чемпионатында алтын үшін таласады

Бүгін Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді — оған Қазақстаннан бес өкіл қатысады.

Шешуші жекпе-жектерде: 48 келі салмақта Назым Қызайбай ресейлік Юлия Чумгалаковамен, 50 келіде Алуа Балкибекова қытайлық Ху Мэйимен, 60 келіде Виктория Графеева ресейлік Нуне Асатрянмен, 63 келіде Аида Абикеева тайландық Тананья Сомнуекпен, ал ауыр салмақта (81+ келі) Елдана Талипова қытайлық Илян Чжанмен жұдырықтасады.

Финалдық жекпе-жектердің трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.