25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Бернлидің» таңғажайып сериясы: Чемпионшипте 12 матч қақпасына гол жібермеді

BBC Sport мәліметінше, «Бернли» Чемпионшипте керемет қорғаныс ойынын көрсетіп, қатарынан 12 матч бойы қақпасына гол жіберген жоқ. Команда соңғы голын 21 желтоқсанда «Уотфордпен» ойында өткізген.

Скотт Паркердің шәкірттері «Шеффилд Уэнсдейді» 4:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, қатарынан он екінші «құрғақ» матчын өткізді. Қазір клуб турнир кестесінде үшінші орында тұр. 1888 жылдан бері Футбол Лигасы тарихында мұндай көрсеткішке тек «Манчестер Юнайтед» (2008/09 маусымында 14 матч) қол жеткізген.

Команданың қақпашысы Джеймс Траффорд маусым ішіндегі «құрғақ» ойындар саны бойынша Чемпионшип рекордын қайталап, 24 матчта қақпасын голдан аман сақтады. Бұл көрсеткіш Джон Радди мен Пэдди Кеннидің рекордтарымен тең. Биыл «Бернли» 34 ойында небәрі 9 гол жіберді. Бұл өткен маусымда Премьер-лигада 78 гол өткізген көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай прогресс.

«Бернлидің» жеңілмеу сериясы кезінде әлемде көптеген оқиғалар болды:

  • Чемпионшиптің сегіз клубы жаттықтырушыларын ауыстырды
  • «Манчестер Юнайтед» АПЛ-да 18 гол жіберді
  • АПЛ клубтары трансферлерге шамамен 370 миллион фунт жұмсады
  • АҚШ-та президент ауысты

Қызығы, «Бернли» биыл жіберген 9 голдың алтауы ойын барысында, екеуі пас берулерден кейін соғылған. Сондай-ақ команда бірінші таймда алты рет қақпасына гол жіберіп, осалдық танытқан.