24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бельгия Украинаны жеңіп, Ұлттар лигасының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды

Ұлттар лигасының А дивизионындағы орнын сақтау үшін өткен плей-офф қайтару матчында ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Қазақстанның қарсыласы Бельгия құрамасы Украинадан сенімді жеңіске жетті.

Генктегі «Сегека Аренада» өткен кездесу қонжайлар пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Бірінші тайм голсыз өтсе, үзілістен кейін Максим Де Кёйпер мен дубль жасаған Ромелу Лукаку көзге түсті.

Екі матч қорытындысы бойынша бельгиялықтар 4:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалды. Әлем чемпионатына іріктеудегі топта Бельгия мен Қазақстанмен бірге:

  • Уэльс
  • Солтүстік Македония
  • Лихтенштейн

Әли Әлиевтің шәкірттері іріктеу науқанын валлийліктерден жолдағы 1:3 есебімен жеңілуден бастады.