27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бекжан Бәкіров пен Мұрад Халидов титулды жекпе-жек өткізеді

Meta-ratings.ru хабарлауынша, Бекжан «Аю» Бәкіров «Barys FC» және «Nomad FC» бірлескен турнирі аясында Мұрад «Чемпион» Халидовпен титулды жекпе-жекке шығады.

Ауыр салмақтағы палуандардың жекпе-жегі 9 мамырда Алматыда өтеді. Бұл кештің басты оқиғасы болмақ.

Ресейлік спортшы Халидовтың есебінде тоғыз жеңіс пен бір жеңіліс бар. Қазақстандық Бәкіров «Nomad FC» ұйымында екі жекпе-жек өткізіп, біреуінде нокаутпен жеңіске жетсе, екіншісінде сәтсіздікке ұшырады.