Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бекзат Алмахан UFC 315 турниріне дайындықты Майамиде жүргізуде

Қазақстандық жауынгерлер Бекзат Алмахан мен Азат Мақсұм АҚШ-тың Флорида штатындағы беделді American Top Team залында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Бекзат үш аптадан кейін Монреальда өтетін UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонамен жекпе-жекке шығады. Спортшылардың жаттықтырушысы Қанат Рахимов қарсыласқа дайындық барысымен бөлісті.

«Катона алғашқы раундтарда өте қауіпті. Бірақ Бекзаттың соққы техникасы жақсы деңгейде — бұл жолы соққылары нақты әрі дәл болады деп сенеміз», — деді Рахимов.

Жаттықтырушының айтуынша, Алмахан мен Мақсұм бұрынғы жарақаттарынан толық айығып, жаттығуға толыққанды кіріскен. Азат Мақсұм келесі жекпе-жекке дайын екенін менеджментке хабарлағанымен, қарсыласы мен жекпе-жек күні әзірге белгісіз.

Рахимов сондай-ақ Triumph Fights залында жаттығатын Аян Тұрсынды UFC келісімшартына лайық келесі перспективалы қазақстандық жауынгер ретінде атады.