27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бекман Сойлыбаев чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақ боксшысы Бекман Сойлыбаев UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

— 23 ақпанда Бекман Сойлыбаев Ақтауда бокс кешінде өнер көрсетеді. UBO әлем чемпионатының титулы cарапқа салынады. Қарсыластың есімін кейін жариялаймыз. Бірақ, мықты спортшы. Африканың жеңілмеген боксшысы. Өз салмағында әлемдік рейтингтің үздік 50-іне кіреді, — деді боксшының менеджері Жанпейіс Назарғали.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Оның рекордында 19 жеңіс пен бір жеңіліс бар. WBA NABA USA, WBC Eurasia Pacific Boxing Council, WBC International және WBA Inter Continental белбеулерінің иегері.