12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Бавария» мен «Интер» ширек финалда кездеседі

Чемпиондар лигасының жеребе тарту нәтижесінде «Бавария» мен «Интер» ширек финалда бір-біріне қарсылас атанды.

Венсан Компанидің командасы 1/8 финалда «Байерді» екі матчтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңді. Ал Симоне Индзагидің «Интері» «Фейеноордты» 2:0 және 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалдың алғашқы матчы 8 немесе 9 сәуірде өтеді, ал қарымта кездесу 15 немесе 16 сәуірге жоспарланған. Екі жыл бұрын бұл командалар кездескенде, «Бавария» екі ойында да 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.