16.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс»- тың негізгі қақпашысы «Лада»-ға қарсы матчта жарақат алды

Shaiba.kz мәліметі бойынша Континентальдік хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матчта астаналық «Барыс» өз алаңында тольяттилік «Ладаны» қабылдауда.

Екінші кезеңде «Барыстың» негізгі қақпашысы Никита Бояркин жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Оның орнын швед қақпашысы Юхан Маттсон басты және матч соңына дейін қақпаны қорғауды өз мойнына алды.