20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» КХЛ 3×3 чемпионатында «Ак Барыс» командасын жеңді

КХЛ 3×3 чемпионатының 13-турында астаналық «Барыс» қазандық «Ак Барыс» командасын 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Матчтың басында алаң иелері алға шықты – Горохов пен Якупов қазандықтарға екі шайба басымдық әперді. Алайда «Барыс» тез қарымта қайтарды – Касенов пен Макеев есепті теңестірді.

Екінші кезеңде Мухин «Ак Барыс» командасын қайта алға шығарды, бірақ Касенов буллиттен гол салып, есепті қайта теңестірді. Ойынның соңғы шайбасын Корчагин соқты, оған нәтижелі пас берген – Касенов.

Қақпашылар Мухамов пен Калмыков өз командаларын қорғады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!