24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыс» бапкері КХЛ жаттықтырушылар рейтингінде соңғы орынға түсті

Shaiba.kz хабарлауынша, Championat.com порталы ҚХЛ жаттықтырушыларының қорытынды рейтингін жариялады. Бағалау кезінде клубтың жаттықтырушыға сенімі, команданың жетістіктері, ойын сапасы және жанкүйерлер пікірі ескерілді.

Астаналық «Барыс» бас бапкері Ғалым Мамбеталиев рейтингте 23-ші орынға — тізімнің соңғы сатысына жайғасты.

Рейтингтің жоғарғы орындарында келесі клуб жаттықтырушылары орналасты:

  1. Бенуа Гру («Трактор»)
  2. Игорь Никитин («Локомотив»)
  3. Виктор Козлов («Салават Юлаев»)
  4. Ги Буше («Авангард»)
  5. Андрей Козырев («Северсталь»)

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!