Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Баходир Жалолов BoxRec рейтингінде қайта пайда болды

Астанада өткен бокс кешінен кейін өзбекстандық ауыр салмақ өкілі Баходир Жалолов BoxRec.com сайтының жаңартылған рейтингінде қайта тіркелді. Бір жарым жылдық үзілістен соң кәсіби рингке оралған боксшы бірден 24-орынға көтерілді.

Жалолов (15-0, 14 КО) соңғы жекпе-жегінде украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-3, 10 КО) күш сынасты. Бұл оның мансабындағы алғаш рет толық он раундқа созылған кездесу болды. Қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмағанымен, төрешілер бірауыздан жеңісті өзбекстандық боксшыға берді.

Айта кетейік, Жалолов — Токио Олимпиадасының чемпионы және әуесқой рингте де, кәсіпқой бокста да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген боксшы.