10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Айымбетов Түркия Суперлигасындағы голға көмектесті

Түркия Суперлигасының 27-ші тур аясында Самсунда жергілікті «Самсунспор» «Адана Демирспор» командасын қабылдады.

Үй иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті — Сонер Айдогду 5-ші және 11-ші минуттарда дубль жасаса, Эмре Кылынч 62-ші минутта гол соқты. Қонақтар құрамында Салих Кавразлы 29-шы минутта және Тайфун Айдоган 80-ші минутта мячты торға тоғытты.

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов 73-ші минутта алаңға шығып, гол сәтіне үлес қосты — ол әперген айып добынан Айдоган тікелей соққымен қақпаны дәл көздеді.

Турнир кестесінде «Самсунспор» 50 ұпаймен үшінші орында тұрса, «Адана Демирспор» екі теріс ұпаймен соңғы, 19-шы орынға жайғасты.