25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атыраудың» экс-ойыншысы Беларусь клубына ауысуы мүмкін

Pressball.by ақпараты бойынша Тәжікстан құрамасының жартылай қорғаушысы Фатхулло Олимзода өз мансабын Беларусь клубында жалғастыруы мүмкін.

«Арсеналдың» бас бапкері Олег Кубарев (бұрын Тәжікстан жастар құрамасымен жұмыс істеген) футболшының трансферіне қызығушылық танытып отыр.

Өткен маусымда 24 жастағы жартылай қорғаушы қазақстандық «Атырау» сапында өнер көрсетті. Сол жылы ол ұлттық құрама сапында дебют жасап, 5 ойын өткізді.

Айта кету керек, бұған дейін «мұнайшылар» клубының экс-ойыншысына Беларусьтің тағы бір клубы — «Ислочь» қызығушылық танытқан болатын.