23.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атыраудың» бас бапкері: негізінен қазақстандық футболшыларға арқа сүйейміз

«Мұнайшылар» да ҚПЛ-2025-те басымдықты отандық футболшыларға беретін көрінеді.  Бұл туралы aladop.kz жазды.

«Қазір бізде келісімшартта бір легионер бар – Матеус Барбоза. Қаралымда бірнеше ойыншы жүр. Қаржылық жағдайға байланысты дәл қазір сырттан футболшы тартатын мүмкіндік жоқ, легионер көп болмайды, ары кетсе үшеу шығар. Қазір қаралым мен селекциялық жұмыстар жүруде. Бүгінде орталық шабуылшы мен орталық қорғаушы іздеп жатырмыз. Негізінен қазақстандық футболшыларға арқа сүйейміз», — деді «Атырау» бас бапкері.

Айта кетейік, осыған дейін қызылорданың «Қайсары» да алдағы маусымды легионерсіз өткізетінін мәлімдеген еді. Енді «Атырау» да Қазақстан премьер-лигасында басымдықты қазақстандық ойыншыларға беретінін меңзеп отыр.

«Мұнайшылар» өткен біріншілікті 7-орынмен аяқтап, Қазақстан Кубогінің финалына дейін жете алған болатын.