Оқу уақыты: 1 мин

«Атырау» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынын бастады

«Атырау» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынын бастады

KazFootball.kz мәліметі бойынша «Атырау» футбол клубы маусым алдындағы дайындықтың соңғы кезеңін бастады.

Түркия аумағында өтетін екінші оқу-жаттығу жиыны 10 ақпанда басталып, 22 ақпанға дейін жалғасады. Бұл кезең 12 күнге есептелген.

Жаттығу барысында Горовенко шәкірттері екі жолдастық кездесу өткізеді:

  • Қырғызстан чемпионы «Абдыш-Ата» клубымен
  • Латвиялық РФШ командасымен

Команда бұл жиындарды маусымға толық дайындықпен кіру үшін маңызды сынақ ретінде қарастырады.